RU

Алматыда көлік жүргізушісі блок-бекетті соғып, полиция қызметкері көз жұмды (фото)

Алматыда бүгін таңертең бақылау-өткізу бекеттерінің бірінде қайғылы оқиға орын алды. BMW жүргізушісі патрульдік көлікпен соқтығысып, апат салдарынан полицей қызметкері қайтыс болды деп жазады KAZ.NUR.KZ оңтүстік астанадағы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Алматы Полиция дептарменті
Фото: Алматы Полиция дептарменті: UGC

Ведомство ақпаратына сәйкес, BMW көлігінің жүргізушісі Қожабеков көшесі бойымен солтүстікке қарай бара жатып, Жан Ғасыр қиылысындағы 4-блок-бекетті соғып өткен.

1992 жылы туған ер адам әуелі бетон қоршауға соғылып, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан.

Атап өтілгендей, патрульдік көлікте екі тәртіп сақшысы болған. Олардың бірі-полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев алған жарақттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

Полицей 42 жаста болған.

Көлікте отырған тағы бір полиция қызметкері - полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Ал BMW көлігінің жүргізушісі қамауға алынған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомство күдіктінің мас күйде болуы мүмкін екенін атап өтті. Қала полициясы марқұмның отбасына көңіл айтты.

Еске сала кетейік, бұған Шымкентте көлік жүргізушісі блок-бекетте тұрған полиция қызметкерін қағып кетіп, салдарынан кезекшілікте тұрған тәртіп сақшысы жарақат алғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857242-almatyda-klik-zrgizusisi-blok-beketti-sogyp-policia-kyzmetkeri-kz-zmdy-foto/