Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

8 cағаттан артық ұйқының соңы неге апарады

Опубликовано:

Дәрігерлер адам орта есеппен күніне 8 сағат ұйықтауы керек екенін айтады. Алайда ұйқыны жақсы көретін кейбір жандар үшін бұл уақыт та аздық етеді. Осы орайда KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасай отырып артық ұйқының адам ағзасына қаншалықты зиян екенін анықтады.

8 cағаттан артық ұйқының соңы неге апарады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Шындығында шектен тыс ұйқы дәл оның жетіспеушілігі секілді адам ағзасына зиянын тигізеді.

Мәселен, ұйықтағанды жаны сүйетін жандар төмендегідей проблемаларға және ауруларға тап болып жатады.

Шаршауды сезіну

Ұзақ ұйықтаған кезде адамның циркадиялық ырғағы бұзылады, бұл ұйқының жетіспеушілігіндей күй кештіреді. Сонымен, ұзақ уақыт ұйықтаған адам шаршап, әлсіз күйде оянады. Бұл ағзаның оянуы керек болса да әлі ұйықтап жатқандығымен байланысты. Ол тамақ пен қуатқа зәру, алайда оны дер кезінде қабылдамағандықтан қиындықтар пайда бола бастайды.

Инфаркт және инсульт

Гарвард ғалымдарының зерттеуі бойынша, ұзақ ұйықтау тұрақты түрде жүрек ауруының қаупін 30%-ға арттырады. Адам ұйықтап жатқан кезде ағзада қан айналымы баяулайды, бұл қан қысымын жоғарылатады және қан ұйығының пайда болу қаупін тудырады. Сонымен қатар, ұйқы кезінде оттегі миға баяу жетеді, бұл инсульт қаупін арттырады.

Семіздік

Түнде адамның зат алмасуы баяулайды. Егер сіздің метаболизміңіз үнемі жақсы болған болса, артық тамақтанған кезде салмақ қоспай, кенеттен семіре бастасаңыз, бұған шектен тыс ұйқы себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, адам ұйықтап жатқанда тамақтану уақытын өткізіп алады, сондықтан ол кешке және түнде тамақ іше бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аз ұйықтаудың адам ағзасына зияны қандай екені туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857273-8-cagattan-artyk-jkyny-soy-nege-aparady/

pixel