RU

Карантин кезіндегі Көк Жайлаудағы жаппай іс-шара алматылықтардың шамына тиді (фото)

Карантин уақытында Көк Жайлауда болған сауық-сайран алматылықтардың ашуына тиді. Қала тұрғындары демалушылардың соңдарынан дұрыстап жинап кетпегендеріне наразы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы әлеуметтік желідегі Dina July парақшасына сілтеме жасап.

иииии
Фото: Facebook / Dina July: Twitter
"Белгілі бір ұйым жаппай шараларға тыйым салғанына қарамастан, Көкжайлауда ауқымды іс-шара өткізген. Нәтижесінде әлеуметтік қашықтық сақталмаған, адам саны көп, үйілген қоқыс (олар шұңқырлар қазып, онда қоқысты тастап, тастармен көмген), от жағылған, шу", – деп жазды Дина.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Көк Жайлауға барған көліктер қозғалыс тыйым салынған жерден өткен. Сондай-ақ, Дина жүргізушінің экобекет пен шлагбаумнан қалай өткеніне ойлап, таңырқап отыр.

иииии
Фото: Facebook / Dina July: Facebook

Алматылық белсенді өз жазбасында 23 мамырдан 24 мамырға дейін мұнда кинотүн өтетіні туралы хабарландырудың скриншотын көрсеткен.

Nuryk_tri есімді тағы бір желі қолданушысы Көк Жайлаудағы кештен кейін көптеген қоқыс қалғанын ашық айтып отыр: сыра бөтелкелері, табақтар, қасықтар, кесе және тағы басқалар.

иииии
Фото: Facebook / Dina July: Instagram
"Барлық дерлік жерде қоқыс жатты, жол бойындағы алаңқайда, шатырлар тұрған жерде, тіпті кейбір адамдар түн ішінде шатырынан алыс ұзағылары келмей, жол бойына дәрет сындырған. Мен мұнда ешқашан қоқыс болмаған демеймін, достар әрдайым өзгелердің арттарынан жинап жүруге тырысты. Алайда осы демалыс күндерінен кейін қалған қоқыстың мөлшері шамадан тыс асып кетті", – деп жазды қазақстандық.

Желі қолданушыларының жазбаларының астына алматылықтар қала билігі мен экобелсенділерге өз наразылықтарын білдіріп жатыр. Алайда бұған қатысты әлі ешкім ресми түрде пікір білдірмеген.

Еске сала кетсек, Алматыда бүгін таңертең бақылау-өткізу бекеттерінің бірінде қайғылы жағдай орын алды. BMW жүргізушісі патрульдік көлікке соқтығысып, апат салдарынан екі полиция қызметкері қайтыс болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857295-karantin-kezindegi-kk-zajlaudagy-zappaj-is-sara-almatylyktardy-samyna-tidi-foto/