Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда «Соңғы қоңырау» сыңғыры соғылды

Опубликовано:

Мектеп – мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя. Жарқын шақтардың елесі қалар, ерке балалығыңның куәсі болар бірден-бір киелі мекен – мектептегі соңғы қоңырау салтанаты бүгін Тараз қаласында өтті.

Таразда «Соңғы қоңырау» сыңғыры соғылды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің: Facebook

Облыс әкідігі білім басқармасы ұйымдастырған алтын ұямен қоштасу салтанаты басталмас бұрын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жергілікті телеарнадан оқушыларды оқу жылының аяқталуымен және түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтады.

Таразда «Соңғы қоңырау» сыңғыры соғылды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің: Facebook

«Жастар аллеясында» өткен мерекелік шарадан соң бастау алған 6 автокөлік Ұлы ақын Абай Құнанбаев бейнеленген байрақты желбіретіп, 6 бағыт бойынша Тараз қаласын жүріп өтті.

Таразда «Соңғы қоңырау» сыңғыры соғылды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің: Facebook

Көліктерде пәндік олимпиадалар, түрлі шығармашылық халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары, «Жас Ұлан» ұйымының белсенді көшбасшылары, республикалық «Жас патриоттар» академиясының мүшелері болды.

Таразда «Соңғы қоңырау» сыңғыры соғылды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің: Facebook

Балалар ақынның поэзиясын, өлеңдерін, қара сөздерінен үзінділер оқып, әндерін орындады. Бұдан бөлек көліктерде дауыс күшейткіш арқылы «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған құттықтаулар, білім саласының жетістіктері айтылды.

Сондай-ақ, бұл күні әр сыныпта барлық оқушының қатысуымен онлайн соңғы қоңырау және сынып сағаттары өткізілетін болады.

Биылғы жылы облыс бойынша мектеп бітірген 9 171 түлектің 78,3 пайызы ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн өтініш тапсырды. Оның ішінде 383 түлек «Алтын белгіге» және 366 түлек үздік аттестатқа үміткер.

Таразда «Соңғы қоңырау» сыңғыры соғылды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің: Facebook

Әлемдік пандемия біздің күнделікті өмірімізді түбегейлі өзгертті, әсіресе білім саласында ол қатты байқалды. Биыл 11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және соңғы қоңырау 3-4 маусым күндері өтеді. ҚР білім және ғылым министірінің бұйрығына сәйкес, биыл іс-шара мектеп аумағында, ашық алаңда әр сынып үшін бөлек өткізіледі, ал, уақыт аралығы - 20 минут. Мектеп бітіру кештерінде санитарлық талаптар мен қауіпсіздік нормалары ескерілетін болады.

Оқушылардан мектеп немесе педагогтерге сыйлық жасау үшін қаражат жинау, автокөліктерді жалға алып, қала ішінде экскурсия жасау және мейрамхана, дәмхана, көңіл көтеру орындарында отырыс ұйымдастыруға тыйым салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857301-tarazda-sogy-koyrau-sygyry-sogyldy/

pixel