Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүрек талмасының алғашқы үш белгісі қандай

Опубликовано:

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, кардиолог Ульф Ланмессер Focus неміс басылымына берген сұхбатында жүрек талмасын алдын ала білуге болатын үш белгіні атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Жүрек талмасының алғашқы үш белгісі анықталды
Фото: Sputnik: UGC

Профессордың айтуынша, егер адамның кеудесі қысылып ауырса, бірден жедел жәрдем шақыру керек.

Екінші белгісі – мойын мен сол қолға таралатын ауырсыну.

Сондай-ақ, үшінші белгісі ретінде кей жағдайларда жүрек талмасы болардың алдында іштің қатты ауырсынуы байқалады.

Ландессердің айтуынша, бұл белгілермен бірге тыныс алудың қиындауы мен мазасыздық қосылса, өте сақ болу керек екен.

Егер алғашқы белгілерді біліп, жағдай дер кезінде анықталса, жүрек талмасынан аман қалу мүмкіндігі күрт артады.

Сонымен қатар, дәрігер мұндай белгілермен адам ацетилсалицил қышқылын қабылдауға болатындығын атап өтті.

Еске сала кетсек, коронавирус инфекциясын жұқтырып алған Ақтөбе тұрғыны қалалық ауруханада көз жұмды. Алайда, бұл оқиға Қазақстандағы COVID-19 вирусынан орын алған өлімдер қатарына жатпайтыны белгілі болды. Себебі науқастың жүрегі тоқтап қалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857311-zrek-talmasyny-algasky-s-belgisi-kandaj/

pixel