Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тірі мақұлық болғым келмейді": Құлағы естімей қалған келіншек жанайқайын айтты

Опубликовано:

2015 жылы ірі жол апатына ұшырап, екі құлағы да естімей қалған қызылордалық Айман Махамбетова туралы хабарлаған едік. Бірақ Айман үшін сынақ тоқтар емес. Бір-біріне жалғасқан сырқаттардың салдарынан көзінің көру қабілеті төмендеп кеткен. Құлағының естімейтініне мойынсұнған оның тілі де күрметіле бастаған. Бір жасар ұлы үшін өмір сүргісі келетін Айман қазіргі жағдайын KAZ.NUR.KZ баяндайды.

"Тірі мақұлық болғым келмейді": Құлағы естімей қалған келіншек жанайқайын айтты
Фото: instagram/aiman.makhambetova: UGC
"Бес жыл бұрынғы жол апатының салдары күн санап ұлғайып барады. Құлағымның естімеуіне де үйрене бастадым. Күні кешеге дейін еңбектеніп, тырмысып, сөйлеп келдім. Бірақ бір-біріне астасқан ауру тілден де қалдырды. Ақпан айында емделу үшін Алматыға ат басын тіреген едім. Сол сапар мен үшін өте қайғылы жағдаймен аяқталды. Маған сүйеу болған қорғаным, асқар тау әкем көз алдымда жүрек талмасынан құлап, жан тапсырды.
Мен апатқа ұшырағалы бері тыным таппай, қызының өмірі үшін күрескен әкемнің жүрегіне салмақ түсті. Ал әкемнің өмірден өткені маған одан әрі соққы болып отыр. Содан бері мені анам бағып-қағып келеді. Бір жасар ұлым Байжанға да анам қарайды. Ұлымның "мама" дегенін, күлгенін ести алмадым деп жүргенде, көздерім де нашарлап барады", - дейді Айман.

Бүгінде Айманның көзінің көруі қабілеті тым төмендеп кеткен. Дәрігерлер "күрделі миопикалық астигматизм" деген диагноз қойған.

Қаржының жоқтығы қолбайлау болғандықтан, Айман Махамбетова көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр.

"Менің тірі мақұлық болғым келмейді. Кеудемнен жаным шықпағасын, тіршілік үшін күресесің. Ұлым үшін, анам үшін өмір сүргім келеді. Құлағым естімесе де, тілім сайрамаса да, оларды күнде көргім келеді.
Алланың қай сынағына да дайынмын. Бірақ көзімді алмаса екен. Ең болмаса ұлымның көз алдымда өскенін көрсем деген тілегім бар. Менің көзімді Ресейдің Оренбург қаласында емдейді. Сол жаққа барып, емделсем деген тілегім бар. Бүгінге дейін қолөнер бұйымдарын жасап, сату арқылы тиын-тебен жинайтынмын. Қазір көздің нашарлауына байланысты қолөнерге де жоламайтын болдым. Менің жағдайыма бей-жай қарамайтын адамдар болса, аздап көмек берсеңіздер екен...
Оренбург қаласына барып, көзімді емдеткім келеді. Сөйлей де, ести де алмай, кейін мүлде көруден қалсам, адам санатынан шығып қалам ба деп қорқамын. Ұлым үшін қорқамын", - дейді Айман.

Айман Махамбетоваға көмек қолын созамын деушілер оның ініcі Махамбетов Бахытжан Серикбаевичтің Kaspi Gold картасына ақша аудара алады.

Телефон: 8 771 339 07 13

ЖСН: 910324302573

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857319-tiri-maklyk-bolgym-kelmejdi-klagy-estimej-kalgan-kelinsek-zanajkajyn-ajtty/

pixel