Ресейлік академик коронавирусты жеңетін болжалды уақытты айтты
Жарияланған күні:
Ресей ғылым академиясының академигі, Бакулев атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы ғылыми орталығының президенті Лео Бокерия мемлекеттің қашан коронавирусты жеңетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Академиктің айтуынша, коронавирус індеті Ресей Федерациясында жаздың соңына дейін аяқталуы мүмкін.
Маман бұл туралы РИА Новостиге берген сұхбатында мәлімдеді.
Көптеген сарапшылар Лео Букерияның көзқарасымен келіседі, алайда сонымен бірге Гамалев Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры Александр Гюнзбург, Ресейдің жазда инфекцияны жеңе алатынына күмән келтірді.
Бұған дейін мемлекеттің вице-премьері Татьяна Голикова жазда эпидемиологиялық жағдайдың жақсаратынын болжаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша елімізде тағы 209 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 8531-ге жетті.
Айта кетейік, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирустық инфекцияға тестілеу қалай жүргізіліп жатқаны жайлы айтқан еді.
Оның сөзінше, анықталған жағдайлардың көпшілігінда ауру белгілері байқалмаған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857336-resejlik-akademik-koronavirusty-zeetin-bolzaldy-uakytty-ajtty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.