RU

Қызылорда облысында 17 жастағы бозбала Сырдарияға түсіп, мерт болды

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 17 жастағы жасөспірім Сырдария өзеніне суға түсемін деп қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қызылорда облысында 17 жастағы бозбала Сырдарияға түсіп, мерт болды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қайғылы оқиға 25 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 17.00 шамасында болған.

Бозбала Сырдария өзенінің рұқсат етілмеген аумағында суға түскен.

«Оқиға орнына 5 құтқарушы 1 автокөлік және 1 қайық барды. Құтқарушылар жедел әрекетке кірісті. Жасөспірімнің жансыз денесі сағат 18.49 шамасында жағаға шығарылды», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Айта кетерлігі, Қызылорда облысында жыл басынан бері барлығы 8 адам суға кетіп, қайтыс болған. Оның біреуі - жасөспірім болса, екеуі - бала, қалғаны - ересек азаматтар.

Осы орайда, жауапты мамандар тұрғындардан суға түсу барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Былтыр бұл жағдайдан 26 адам қаза тауыпты, оның 10-ы бала.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857431-kyzylorda-oblysynda-17-zastagy-bozbala-syrdariaga-tsip-mert-boldy/