RU

Қарағандыда науқасқа ішіп алып келген дәрігерлер жұрттың ашуын туғызды (видео)

Қарағанды облысы Абай қаласының тұрғыны науқасқа мас күйінде келген жедел жәрдем қызметкерлерін видеоға түсіріп алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Шақыртуға ішімдікке тойып алып келген медица қызметкерлерінің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен.

Видео кадрынан жазба авторының фельдшерден түсініктеме алып жатқанын байқау қиын емес. Ол алкогольді сусын қолданбағанын, өзі о бастан "кекештенетінін" айтып ақталған.

Кейінірек видеоны желіге жүктеген әйел дәрігерлердің көмегінен бас тартқаны, әжесіне басқа бригаданы шақыртқаны белгілі болды. Нәтижесінде науқасқа екінші келген жедел жәрдем қызметкерлері көмектескен.

Новый вестник газетінің мәліметінше, осы шулы видеоға байланысты Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Олар видеодағы дәрігерлердің жұмыстан шығарылғанын мәлімдеп, сол күні медицина қызметкерлерінің мас болғанын жасырмаған.

Әлеуметтік желіде дәрігерлердің бұл әрекетін сынағандардың қарасы көп болды. Олар медицина қызметкерлерін жауапкершілікке шақырған.

Еске сала кетсек, оралдық инфекционист дәрігер Әділбек Нұрымбет қазақстандықтарды коронавирусқа немқұрайлы қарамай, сақ болуға шақырды. Себебі ол COVID-19-бен ауырып, бұл вирустың адамға қалай әсер ететінін өз басынан өткерген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857432-isip-algan-karagandyda-naukaska-mas-kjinde-kelgen-drigerler-zaga-statty-video/