RU

40 градус ыстық, найзағай мен бұршақ: Еліміздің бес өңірінде ескерту жарияланды

Синоптиктер сейсенбі күнге Қазақстанның бес өңіріне дабылды ескерту жариялады. Бірқатар облыста күн ыстық болса, енді бір аймақта бұршақ пен найзағай күтілуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

40 градус ыстық, найзағай мен бұршақ: Елдің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Күндіз 26 мамырда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Күндіз 26 мамырда Батыc Қазақстан облысының кей жерлерінде +37˚С қатты ыстық, кей жерлерде найзағай, солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Орал қ.: 26 мамыр күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.

Күндіз 26 мамырда Павлодар облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстігінде ауысады, екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с, түнде 27 мамырда кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Павлодар қаласы: күндіз 26, түнде 27 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстігінде ауысады, екпіні 15-20 жетеді.

26 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Көкшетау қ.: күндіз 26 мамырда батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады екпіні 15 м/с күтіледі.

26 мамырда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с шаңды дауылмен сақталады.

26 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, шығыстан 15-20, екпіні 23 м/с желдің күшеюі сақталады. Күндіз 26 мамырда батыста 40°С қатты ыстық күтіледі. Түркістан қ.: 26 мамырда шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі сақталады. Күндіз 40°С қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 26 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде 39 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 25-26 мамырда Павлодар облысында 35-38°С қатты ыстық күтіледі. Павлодар қаласы: күндіз 25-26 мамырда 35-37°С қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 26 мамырда Алматы облысында 37 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 24-26 мамырда Ақмола облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

25-26 мамырда күндіз Жамбыл облысында 40°С-ка дейін қатты ыстық күтіледі. Тараз қ.: 26 мамырда күндіз 38°С қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 25-26 мамырда Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 24-26 мамырда Ақтөбе облысында қатты ыстық 35-39 градус күтіледі.

Күндіз 24-26 мамырда Қостанай облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Айта кетейік, осыған дейін де еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857434-40-gradus-ystyk-najzagaj-men-brsak-elimizdi-bes-irinde-eskertu-zarialandy/