RU

Жаңа антирекорд: Қазақстанда бір тәулікте 438 адам коронавирус жұқтырған

женщина в защитном костюме замеряет температуру
Фото: Original

Елімізде тағы 438 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 8969-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"25 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Алматы қаласында 75 адамнан, Шымкент қаласында – 69 адамнан, Қарағанды облысында – 67 адамнан, Нұр-Сұлтан қаласында – 56 адамнан , Жамбыл облысында – 51 адамнан, Батыс Қазақстан облысында – 38 адамнан, Атырау облысында – 32 адамнан, Түркістан облысында – 17 адамнан, Алматы облысында – 12 адамнан, Қызылорда облысында – 8 адамнан, Қостанай облысында – 5 адамнан, Маңғыстау облысында – 5 адамнан, Ақтөбе облысында – 2 адамнан, Ақмола облысында – 1 адамнан коронавирус анықталды. Өткен тәулікте еліміз бойынша өсім 5,1% құрады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирустық инфекцияға тестілеу қалай жүргізіліп жатқаны жайлы айтқан еді.

Оның сөзінше, анықталған жағдайлардың көпшілігінда ауру белгілері байқалмаған.

Яғни кейбір адамдар коронавирус жұқтырғанымен ешқандай ауруы белгілерін сезінбеуінде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857436-antirekordtyk-krsetkis-elimizde-tagy-438-adamnan-koronavirus-anyktaldy/