RU

Қазақстанда автокөліктерді тіркеу уақытша тоқтатылды

Қазақстан аумағында алдын-алу жұмыстарына байланысты көлік құралдарын тіркеу уақытша тоқтатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда автокөлікті тіркеу тоқтатылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ведомствоның мәліметінше, барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында және электрондық үкімет порталында бүгін, 26 мамырда таңертеңгі тоғыздан 12:30-ға дейін көлік құралдарын тіркеу тоқтатылды.

Тіркеуді жоспардан тыс алдын-алу жұмыстарына байланысты тоқтатуға тура келген. Қызмет көрсету олар аяқталғаннан кейін қалпына келтіріледі.

Атап өту керек, бұған дейін министрлер кабинетінің басшысы Асқар Маминнің жарлыққа қол қойғаны туралы хабарланған болатын, оған сәйкес Қазақстан 20 мамырда Армениядан әкелінген көліктерді уақытша тіркеуге рұқсат берді.

Алайда бұл тек 2020 жылдың 1 ақпанына дейін елге әкелінген автокөліктерге қатысты болады.

Еске сала кетейік, қаңтардың ортасында Ішкі істер министрлігі тіркелмеген көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынғанын жариялады.

Белгілі болғандай, Қазақстанда мұндай машиналардың саны шамамен 170 мыңды құраған. Ал көлік жүргізушілерінің өздері биліктің шешімімен келіспейді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857456-kazakstanda-avtoklikterdi-tirkeu-uakytsa-toktatyldy/