Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда полицияға тіл тигізген Lexus жүргізушісі жазаланды

Опубликовано:

Түркістанда Lexus көлігін басқарған ер адам ұсталды. Ол бақылау-өткізу пунктіндегі тәртіп сақшыларын қорлаған және оларға бағынбаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістанда Lexus жүргізушісі бақылау-өткізу бекетінде полицияға тіл тигізді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі уақытта карантинге байланысты Түркістанда өткізу пункттері жұмыс істеп тұр.

Ол жерде қызметкерлер жүргізушілерді құжаттарды тексеру үшін тоқтатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Осылайша, Lexus көлігі тоқтатылған, алайда оның жүргізушісі полицияға тіл тигізіп, олардың талаптарына қарсылық көрсете бастаған. Ер адам көліктен түсу туралы өтінішке ызамен жауап беріпті.

Оны ұстап, полицияға жеткізуге тура келген. Қазір жүргізушіге қатысты билік өкілдерін қорлау туралы қылмыстық іс қаралып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары адамдарды заң бұзбауға шақырды.

Еске салсақ, бір күн бұрын Алматыда жантүршігерлік оқиға орын алды. BMW көлігінің жүргізушісі мас күйінде бақылау-өткізу пунктіндегі тәртіп сақшыларының көлігін қағып кетті. Нәтижесінде бір полиция қызметкері оқиға орнында қайтыс болды, екіншісі ауруханаға жеткізілгеннен кейін көз жұмды.

Кейінірек үшінші қызметкердің жағдайы ауыр екендігі туралы ақпарат пайда болды. Неміс көлігін тізгіндеген ер адамның 6 жыл полицияда қызмет еткені анықталды. Алайда немқұрайлылық танытқаны үшін жұмыстан шығарылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857474-trkistanda-policiaga-til-tigizgen-lexus-zrgizusisi-zazalandy/

pixel