RU

Алматыда коронавирустан жазылып шыққан дәрігерлердің жұмыссыз қалғаны рас па

Коронавирустан жазылып шыққан Алматы орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жұмыссыз қалғандарын айтып, шағымданды. Бұл туралы медициналық мекеме қызметкерлерінің бірі әлеуметтік желіде жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

ОҚКА дәрігері Эльнура Гапбасова Facebook парақшасында аталған мәселе жөнінде пост жариялады.

Ол аурумен күресуге бір жарым ай уақыт кеткенін және барлық дәрігерлердің індеттен емделіп шыққанын жазды. Өкінішке қарай, оның әріптестерінің бірі вирустан көз жұмды.

Автордың айтуынша, олардың қызмет еткен ауруханасы жұқпалы аурулар саласына қайта мамандандырылған. Осыған орай, травматолог, гинеолог және тағы басқа көптеген мамандар жұмыссыз қалып отыр.

Дәрігер медициналық мекеменің әкімшілігі мен денсаулық сақтау басқармасының байланысқа шықпай, қызметкерлердің сұрақтарына жауап бермей отырғанын айтады.

Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының Facebook желісіндегі ресми парақшасында қазіргі уақытта ОҚКА-дағы жағдайды реттеу бойынша барлық шаралар қабылданып жатқаны хабарланды.

Биылғы 3 мамырдан бастап мекеменің көпсалалы жұқпалы аурухана ретінде қызмет етіп жатқаны көрсетілген. Медициналық қызметкерлерге сәйкес түсіндіріу жұмыстары жүргізілді.

Қызметкерлерді карантин кезеңінде қаладағы басқа клиникаларға орналастыру мәселесі қаралып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда орталық қалалық клиникалық ауруханадағы коронавирус инфекциясының таралу ошағы ауыздықталғанын жазғанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857489-almatyda-koronavirustan-zazylyp-sykkan-drigerlerdi-zmyssyz-kalgany-ras-pa/