RU

Еліміздің бас санитарлық дәрігері маска киюдің маңыздылығын түсіндірді

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетов медициналық бетперде кию ережелеріне қатысты пікір білдіріп, ережені сақтаудың маңыздылығын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрлік медициналық маска киюдің маңыздылығын түсіндірді
Фото: NUR.KZ: Original

Facebook-тегі Денсаулық сақтау министрлігінің ресми парақшасындағы "Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды" айдарында Айжан Есмағамбетова қазіргі уақытта COVID-19 инфекциясының 80% дерегі алғашқы белгілерсіз тіркелгенін айтты.

Сол себепті бас санитарлық дәрігер вирустың алдын алу үшін жабық орындарда: дүкенде, дәріханада, кеңседегі жұмыста медициналық бетперде киіп жүруді ұсынды.

Сонымен қатар ауа-тамшылары арқылы инфекция жұқтыру қаупі бар екенін түсіну қажет екенін еске салды.

Есмағамбетова сондай-ақ көшеде жүргенде де бетперде киюді ұсынады.

Бұл жағдайда COVID-19 инфекциясы байланысу жолдары арқылы жұғатыны туралы айтылады.

Есмағамбетова ДДСҰ мәліметтерінен мысал келтірді. Адам бір минут ішінде қолымен көзін, аузын және мұрнын бес-алты рет ұстайды, бұл инфекцияның берілу тәсілі. Көбінесе бұл әрекеттерді адам еріксіз түрде жасайды.

"Ал маска ауызды, мұрынды жауып тастайды да, оларға қол тигізбейсің, сонымен қауіп азаяды", – дейді ол

Сұхбат барасында бас санитарлық дәрігер елде бетперденің жеткілікті екенін, алайда бір адам 10 маскаға дейін ғана сатып ала алатынын айта кетті.

Айта кету керек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде әрбір адам бетперде тағуға міндетті екенін еске салды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857555-bas-sanitar-medicinalyk-maska-kiudi-mayzdylygyn-tsindirdi/