RU

Еліміздің бас санитарлық дәрігері блок-бекеттердің неліктен алынбай жатқанын түсіндірді

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова әуе, темір жол қозғалысы ашылса да, блок-бекеттердің неге алынбағанын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бас санитар блок-бекеттердің неліктен алынбай жатқанын түсіндірді
Фото: NUR.KZ: Original
"Біріншіден, карантинді жұмсарту шаралары жағдайға қарай кезең-кезеңімен жүргізіледі. Автобустар мен жеңіл көлікке қарағанда, әуе рейсін халықтың аз бөлігі қолданады.
Екіншіден, еліміздің әр өңіріндегі жағдай әртүрлі. Қазіргі цифрлардан өңірлер жағдайының теңескенін көріп отырған жоқпыз. Кей өңірде жұқтырудың ең төменгі көрсеткіші тіркелсе, өзге өңірде – керісінше жоғары", – дейді Есмағамбетова Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, барлық шешім коронавирус инфекциясын қосымша таратпау үшін қабылданып жатыр.

"Сондықтан, жеңілдетудің бірінші кезеңінде әуе рейстері іске қосылды. Келесі кезеңде – темір жол көлігі. Бәлкім, одан кейінгі кезеңдерде өңірлер арасындағы блокпосттар алынатын шығар. Кей өңірлер өз ішіндегі блок-бекеттерді алып тастады. Сондықтан да, коронавирус инфекциясының қайта тарауына жол бермеу үшін блок-бекеттер ашылмайды", – дейді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

Еске сала кетсек, бұған дейін Айжан Есмағамбетова маска киюдің маңыздылығын түсіндірген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857564-elimizdi-bas-sanitarlyk-drigeri-blok-beketterdi-nelikten-alynbaj-zatkanyn-tsindirdi/