RU

Ақтөбеде кондуктор автобустан құлап, қайтыс болды

Ақтөбеде 15 мамыр автобустың ашық есігінен құлап кетіп, басын жол жиегіне қатты соғып алған кондуктор қайтыс болды. Тоғыз күн өткен соң әйел адам ауруханада көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде кондуктор автобустан құлап, қайтыс болды
Фото: pixabay.com: UGC

Ведомствоның хабарлауынша, қазір жолда жүру ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық баппен тергеу жүріп жатыр. Жүргізушінің әрекеті абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған.

Қайғылы оқиға Ақтөбе қаласында 15 мамыр күні кешкілік уақытта болған. 11-бағытта жүретін автобустың жүргізушісі Пацаева көшесіндегі "Әкімдік" аялдамасынан қозғалар кезде алдыңғы есікті жаппаған. Салдарынан кондуктор автобустан құлап, жолдың жиегіне басын қатты ұрып алған.

Осыдан кейін әйел адам ауруханаға жеткізілген. 24 мамырда ол көз жұмған.

Полицияның мәліметінше, оқиға болған кезде салонда жиырма шақты жолаушы болған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері барлық куәгерлерден келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуын сұрайды: 936-403, 936-408, 8 777 353 24 10, 8 702 226 44 03.

Еске сала кетсек, Ақтөбеде отбасылық жанжалдан кейін үйінен кетіп қалған 16 жастағы қызға іздеу салынғаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857575-aktbede-konduktor-avtobustan-klap-kajtys-boldy/