RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 9 мыңнан асты

Елімізде тағы 335 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 9304-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC
26 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында – 78 адамнан, Алматы қаласында – 77 адамнан, Қарағанды облысында – 43 адамнан, Шымкент қаласында – 38 адамнан, Атырау облысында – 21 адамнан, Батыс Қазақстан облысында – 20 адамнан, Жамбыл облысында – 15 адамнан, Шығыс Қазақстан облысында – 7 адамнан, Қызылорда облысында – 7 адамнан, Алматы облысында – 5 адамнан, Түркістан облысында – 5 адамнан, Ақтөбе облысында – 4 адамнан, Қостанай облысында – 4 адамнан, Маңғыстау облысында – 4 адамнан, Павлодар облысында – 4 адамнан, Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өткен тәулікте еліміз бойынша өсім 3,7% құрады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирустық инфекцияға тестілеу қалай жүргізіліп жатқаны жайлы айтқан еді.

Оның сөзінше, анықталған жағдайлардың көпшілігінда ауру белгілері байқалмаған.

Яғни кейбір адамдар коронавирус жұқтырғанымен ешқандай ауруы белгілерін сезінбеуінде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857619-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-9-mynan-asty/