RU

Біртанов коронавирус жұқтырған адамдардың күрт көбею себебін түсіндірді

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған адамдардың неліктен күрт көбейгенін түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Премьер министрдің сайты
Фото: Премьер министрдің сайты: UGC

Бұл туралы министр онлайн брифинг барысында айтты.

Оның cөзінше, осы уақытқа дейін тіркелген науқастардың басым бөлігі – 85 пайызы жеңіл ауырған, сырқаттың белгілері болмаған.

"Өкінішке қарай, бүгінде кейбір мемлекеттерде бұл науқастарды жалпы статистикаға кіргізбейді. Бірақ олай істеген дұрыс емес деп ойлаймыз. Қазақстандағы тәртіп бойынша барлық науқасты есепке алып отырамыз. Содан науқастардың өскенін көріп жатырмыз", - дейді Біртанов.

Ол бұл шараның негізгі мақсаты аурудың таралуының алдын алу екенін атап өтті.

Министрдің айтуынша, ондай науқастарды тауып, оқшауласа, эпидемияны тоқтатуға мүмкіндік бар. Ауру белгілері жоқ адамдар да инфекцияны басқарларға жұқтырады.

Сол себепті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы санаттағы науқастарды оқшаулауға кеңес беріп отыр.  

"Бұрын біз оларды ауруханаға жатқызсақ, қазір мүмкіндік болса, үйінде немесе арнайы карантиндік стационарларға жатқызып, басқалардан алшақ ұстауымыз қажет", - дейді Елжан Біртанов. 

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 9304-ке жетті. Өткен тәулікте 335 адамнан COVID-19 анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857657-birtanov-koronavirus-zktyrgan-adamdardy-krt-kbeu-sebebin-tsindirdi/