RU

Коронавирустан қайтыс болған Қостанай облысының тұрғынына қатысты жаңа дерек шықты

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустан тағы екі адамның көз жұмғаны хабарланды. Пациенттердің бірі - Қостанай облысынан болған. Бүгін марқұмға қатысты жаңа мәліметтер шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік жедел штабқа сілтеме жасап.

Қостанай облысында онкологиямен ауырған науқас коронавирустан қайтыс болды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

"Наш Костанай" басылымының мәліметінше, COVID-19-дан қайтыс болған әйел адам 55 жастағы Жітіқара тұрғыны.

Ол ауруды жұқтырған адаммен байланыста болған. Анықталғандай, олар бір подъезде тұрған.

Осы орайда әйел адам карантинге жатқызылған. 23 мамырда пациент Covid-19-ға тест тапсырған, нәтижесі оң болып шыққан.

Осыдан кейін жағдайының нашарлауына байланысты Рудный қаласындағы аурухананың инфекциялық бөліміне ауыстырылған.

Сонымен қатар әйел адамның онкологиялық диспансерде есепте тұрғаны белгілі болды. Оған бірінші сатыдағы сүт безі ауруы диагнозы қойылған.

Коронавирус табылғаннан кейін марқұм рентгенге түсіп, одан екі жақты пневмония анықталған.

Әйел адамның халі нашарлап кеткен. Дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп, сирек жөтел, және тамақтың құрғақтығы пайда болған.

Құсу, жүрек айну, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі байқалған.

25 мамырда науқас қайтыс болған. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан оны құтқару мүмкін болмаған.

Әзірге сарапшылар өлімге нақты не себеп болғаны жайлы бір тұжырымға келе алмаған. Әзірге әйел адамның өліміне коронавирус себеп болып отыр.

Мән-жайды комиссия анықтайтын болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857675-tken-tulikte-koronavirustan-kz-zmgan-kostanaj-oblysyny-trgynyna-katysty-zaa-derek-sykty/