Президент: Біз коронавирустың қайта өршуіне дайын болуымыз керек

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық сенімнің Ұлттың кеңес отырысында елде коронавирустың қайта өршуі мүмкін екенін айтты. Жиын Facebook желісіндегі Akorda Press парақшасында онлайн көрсетілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев: Біз коронавирустың қайта тұтануына дайын болуымыз керек
Фото: Ақорда: Facebook

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, қазіргі уақытта көптеген мемлекетке, оның ішінде Қазақстанға биологиялық қауіпсіздік маңызды мәселе болып отыр.

Сондықтан, халық міндетті түрде коронавирустың екінші рет өршуіне дайын болуы қажет.

Президент қазір Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі мен инфекциялық бақылау жүйесі әлсірегенін, бұл елдегі тиянақсыз реформалар салдарынан болғанын жеткізді.

Осылайша, мемлекет басшысы әдеттегі үлгіге қайта оралуды ұсынды-Қазақстандағы СЭҚ күшейіп, институттандырылады.

Одан бөлек, президент елде бас санитарлық дәрігердің өкілеттігі кеңейетінін мәлімдеді.

"Өмірдің өзі осы реформаны көрсетіп тұр", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, Қазақстан коронавирусқа қарсы күресте әлемнің басқа елдерімен серіктестікті нығайтуды жалғастыра беруі тиіс. Ол үшін "мемлекетаралық стандарттар" болуы қажет.

Мемлекет басшысы жыл соңына дейін үкіметке Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігі туралы заң қабылдауды тапсырды. Ол әлемде қауіп төндіріп тұрған биологиялық жағдайға байланысты қажет.

Сонымен қатар бүгінгі отырыста Қасым-Жомарт Тоқаев болашақ педагогтардың шәкіртақысын көбейтуді ұсынған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857682-tokaev-biz-koronavirusty-kajta-rsuine-dajyn-boluymyz-kerek/