RU

Коронавирустың таралуына қолайлы ауа температурасы анықталды

Қытай ғалымдары коронавирус таралуына ыңғайлы ауа температурасын анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Синьхуа агентініне сілтеме жасап.

Коронавирустың таралуына жайлы ауа температурасы анықталды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қытай зерттеушілері жаңа коронавирустың (COVID-19) расталған жағдайларының жартысынан көбі ауа температурасы 5-тен 15 градусқа дейін жерлерде болғанын анықтады.

Ланьчжоу университетінің зерттеушілері ғаламдық таралу құрылымын түсіну үшін SARS-CoV-2 таралатын қоршаған ортаның параметрлері туралы білуге ​​ұмтылған.

The Science of Total Environment журналында жарияланған соңғы зерттеу мақаласына сәйкес, олар қоршаған ортаның температурасының COVID-19-ның ғаламдық таралуына әсерін зерттеді.

Олар ауа температурасы 5-тен 15 градусқа дейінгі жерлерде COVID-19 расталған жағдайлардың 60 пайызы тіркелгенін анықтады. Сонымен қатар, расталған жағдайлардың шамамен 73,8 пайызы абсолютті ылғалдылық мөлшері текше метріне 3-тен 10 граммға дейін болатын аймақтарда шоғырланған.

Олар COVID-19 пандемиясының циклді түрде таралуы және ірі қалаларда 2020 жылдың күзінде орта ендікпен қайталануы мүмкін екенін ескертті.

"Біз COVID-19 ауруы температураның жоғарылауымен тоқтайды деген болжамға сене алмаймыз",– деді зерттеу мақаласының алғашқы авторы Хуанг Чжунвэй.

Еске сала кетсек, синоптиктер 27 мамырға арналған еліміздегі ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857685-koronavirusty-taraluyna-kolajly-aua-temperaturasy-anyktaldy/