RU

Мемлекет басшысы қазақ тілін оқыту мәселесін көтерді

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында қазақ тілін оқыту мәселесіне тоқталып өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Facebook

Кеңес отырысы Facebook желісіндегі AkordaPress ресми парақшасында көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігі маңызды мәселе екенін атап өтті. Оның пікірінше, Еуропаның тіл оқыту үлгісіне назар аударған жөн, себебі ол жақта жас буынға басымдық беріледі.

Президент, сондай-ақ, келесі жылы тілдер жөніндегі комитет білім министрлігінің құрамына өтетінін хабарлады. Осылайша, мемлекеттік тілді оқытудың барлық әдіс-тәсілдері бір орталықта шоғырланады.

Бұл өзгеріс жалпы тілдерді енгізу мен оқыту бағдарламаларының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы болашақ педагогтардың стипендиясын 42500 теңгеге дейін көтеруді тапсырған болатын.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге тапсырма берді.

Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы елімізде кәсіби дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесінің бар екенін көрсетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857725-memleket-bassysy-kazak-tilin-okytu-mselesin-kterdi/