RU

Шымкентте сотталушы азамат сүйіктісін көру үшін түрмеден қашып кетті

22 мамырда Шымкент қаласының IC 167/10 колониясында жазасын өтеп жатқан 36 жастағы ер адам белгісіз бағытта қашып кетті. Кейін белгілі болғандай, ол өзінің сүйіктісін көру үшін осындай әрекетке барған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шымкент қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

Шымкентте сотталушы сүйіктісімен кездесу үшін колониядан қашып кетті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Тұтқындалған азамат ұрлық және басқа да қылмыстары үшін 6 жылға сотталған. Осыдан кейін ол түзеу мекемесіне орналастырылыпты.

"Алайда өткен жұмада ол қашып кетті", - деп жазады Otyrar.kz.

Жұмыс тобы сотталушыны бірден іздей бастаған.

Полиция мен Ұлттық ұланның қызметкерлері қатысқан іздеу жұмыстарына 1,5 күн уақыт кетіпті. Нәтижесінде, ер адам Тоғыс шағын ауданынан табылған. Ол ұсталып, түрмеге қайта жіберілді.

Қазір ол түзеу мекемесінде отыр. Қалалық ҚАЖД мәліметінше, сотталушы Тоғыстан шыққан әйелмен танысқанын айтқан. Ол оны шынымен көргісі келгендіктен қашып кетіпті.

Қазір бұл факті бойынша материалдар дайындалып, олар сотқа жіберіледі. Сонымен қатар, түзеу мекемесінің басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр. Нәтижелер мен жазалау шарасы кейінірек белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, тұтқынмен көңіл қосқан түрме қараушысының сот алдында жауап бергені туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857732-symkentte-sottalusy-azamat-sjiktisin-kru-sin-trmeden-kasyp-ketti/