RU

Украинаның Черкассы қаласының мэрі Зеленскийді сотқа берді

Черкассы қаласының мэрі Анатолий Бондаренко Киевтің Печерск аудандық сотына өзін қарақшы деп атағаны үшін Украина президенті Владимир Зеленскийдің үстінен арыз түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: glavcom.ua
Фото: glavcom.ua: Facebook

Бұл ақпаратты қала басшысының қорғаушысы Денис Цыпкин растады.

"Бірнеше күн бұрын Украина президенті Владимир Зеленскийдің Бандаренконы қарақшы деп атағаны есімізде. Енді Киевтің Печерск аудандық соты кімдікі дұрыс, ал кімдікі бұрыс екенін анықтайды", – деп мәлімдеді ол.

Өз кезегінде, Бандаренко «Украинаның бір ғана конституциясы бар» екенін, лауазымына қарамастан әркімнің оны құрметтеп, заңдарын сақтауға міндетті екенін атап өтті.

Дереккөздің мәліметінше, бұған дейін Киевте өткен баспасөз мәслихатында Зеленский үкіметтің шешіміне қарамастан, 1 мамырдан бастап карантинді жеңілдетуге шешім қабылдаған Черкассы мэрінің оқшаулау режимі басталғалы бері дұрыс емес әрекет еткенін мәлімдеді.

Сондай-ақ Украина басшысы Бондаренконы қарақшы деп атап, оған қарсы 19 қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Бұдан кейін Черкассы мэрі Зеленскийді сотқа беретінін алға тартты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский ораза және құрбан айтты мемлекеттік мереке қатарына қосуға ниетті екенін мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857742-ukrainany-cerkassy-kalasyny-meri-zelenskijdi-sotka-berdi/