RU

Алматы блок-бекеттеріндегі ахуал қандай: Сағынтаев жауап берді

Aлматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн-конференция барысында алматылықтар мен облыс тұрғындарынан қала шекарасында блок-бекеттердің тұрғанына түсіністікпен қарауды сұрады, сондай-ақ ол болашақта бұл мәселені шешуге уәде берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаңалықтар да со
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Қала әкімінің айтуынша, қазір бұл мәселе Алматы облысының әкімдігі мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп пысықталуда.

Сағынтаев бұдан бұрын карантинге дейінгі уақытта облыстан Алматыға 20 мың автомобиль кірген болса, қазір бұл сан 10-12 мың автокөлікті құрайды деп атап өтті. Егер кедергілер болмаса, бұл сан 14-15 мың көлікке дейін жетер еді.

Әкімнің сөзінше, посттардың өткізу қабілеттілігін арттыру үшін планшеті бар адамдар көбірек қойылған. Сонымен қатар, ол қала басшылығының алдында еркін қозғалысқа жол бермеу міндеті тұрғанын атап өтті.

Сондай-ақ, қала әкімі Алматыға кіріп жатқан Алматы облысының тұрғындары жұмыс орындарында тексеріліп, сараптамадан өтетінін айтты.

Сағынтаевтың есебінше, бүгінде облыстан қалаға әртүрлі ұйымдардың 150 мыңға жуық қызметкері келеді. Бұл ретте әкім мегаполис пен облыс тұрғындарын қиын мәселенің шешіліп жатқанына сендіріп, шыдамдылық танытуды сұрады.

"Қазір эпидемиологиялық жағдайға әсер етпеу үшін оны қалайқалпына келтіруге болатынын реттейтін механизмдер пысықталуда», - деп түйіндеді әкім.

Естеріңізге сала кетейік, журналист Алматыға қалай кіруге болатынын көрсеткен еді.

Отандық телеарна журналисі Нұрғали Қарабаев Алматы қаласына ешқандай тексеріссіз кіруге бола ма деген сұраққа жауап табу үшін тәжірибе жасап көрген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857749-almatydagy-blok-beketter-kasan-asylady-sagyntaev-zauap-berdi/