RU

ҰҚК арнайы операция өткізіп, бір-біріне қарсы екі қылмыстық топты құрықтады (фото)

2020 жылдың 27 мамырында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысында Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҰҚК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҰҚК арнайы операция өткізіп, бір-біріне қарсы екі қылмыстық топты құрықтады (фото)
Фото: ҰҚК: UGC

Қылмыстық топқа қатысушылардың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар. Қылмыстық құқық бұзушылықтар атыс қаруын қолдана отырып, аса өктемдікпен жасалған.

Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшелерінің жалпы саны 30 адамға жеткен. Олардың арасында бұрын сотталған адамдар бар, кейбіреулері "ұрылар" идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтардың жетекшілерімен байланыста болған.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында 11 бірлік қару түрі, 200-ден артық оқ-дәрілер алынды.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Айта кетейік, Өткен дүйсенбіде оңтүстік астанадағы блок-бекетте болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы екі полиция қызметкерінің өмірін қиды. Қайғылы оқиғаға себепкер болған BMW автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857771-kk-arnajy-operacia-tkizip-bir-birine-karsy-eki-kylmystyk-topty-kryktady-foto/