RU

Қазақстанда тағы 22 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында 22 адам коронавирус дертінен емделіп шықты. Осылайша, елде аурудан жазылғандар саны 4768-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда тағы 22 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Көрнекі фото: hightech.fm: Instagram

Айыққандардың жалпы саны:

Нұр-Сұлтан қаласы – 1001

Алматы қаласы – 1345

Шымкент қаласы – 232

Ақмола облысы – 106

Ақтөбе облысы – 175

Алматы облысы – 180

Атырау облысы – 262

Шығыс Қазақстан облысы – 50

Жамбыл облысы – 173

Батыс Қазақстан облысы – 264

Қарағанды облысы – 204

Қостанай облысы – 60

Қызылорда облысы – 232

Маңғыстау облысы – 114

Павлодар облысы – 148

Солтүстік Қазақстан облысы – 33

Түркістан облысы – 189.

Айта кетейік, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн-брифинг барысында жағдай қиындай түссе, қатаң карантин шаралары қайта қабылданатынын мәлімдеді.

"Егер жағдай қиындай түссе, жеңілдетілген карантин тәртібі алынады, қайтадан қатаң шараларға ораламыз. Өйткені эпидемиологиялық жағдайдың күн сайын нашарлауына жол бере алмаймыз. Бұл әрқайсымызға артылған жауапкершілік, карантин режимін сақтау қажет. Екі ай бойы ТЖ талаптарын орындап, үйде отырған халыққа алғыс айтамын. Бізге Қытайдан келген дәрігерлер Қарағанды және Нұр-Сұлтанмен салыстырғанда, Алматы көшелерінде адам жоқ екенін айтты", – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857784-kazakstanda-tagy-22-adam-koronavirus-infekciasynan-zazylyp-sykty/