RU

Антирекорд: АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны 100 мыңнан асты

АҚШ тағы әлемдік антирекордты жаңартты. Елде 28 мамырдағы дерек бойынша, коронавирус инфекциясын 1,7 миллионға жуық адам жұқтырған. Оның 100 мыңнан астамы қауіпті індет салдарынан көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Бүгін Америка Құрама Штаттары жаңа рекорд орнатып, әлем бойынша COVID-19 вирусынан қайтыс болғандардың саны 100 мыңнан асқан алғашқы ел атанды.

Мұхиттың арғы жағында орналасқан мемлекетте 1 697 459 адамнан инфекция анықталған.

Бұл мәліметтерді Джонс Хопкинс атындағы университеті ұсынды.

Сонымен қатар АҚШ коронавирустан жазылу бойынша да бірінші орында тұр. Елде қауіпті ауруды 391 508 науқас жеңіп, ауруханадан шыққан.

Жалпы, дүние жүзінде вирусты жұқтырғандардың саны 5 682 389 адамға жетті.

Вирус көп таралған елдердің көшін АҚШ бастаса, екінші орында Бразилия тұр. Онда індет 411 мыңнан астам адамнан анықталған. Оның 158,6 мыңы ауруды жеңсе, 25,6 мыңы көз жұмды.

  • Антирейтингтің үшінші сатысында Ресей орналасқан. Көрші елде коронавирус жұқтырған 370,6 мың адам тіркелген. Оның 142,2 мыңы ауруханадан шықса, 3,9 науқас қайтыс болды.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирустық инфекцияға тестілеу қалай жүргізіліп жатқаны жайлы айтқан еді.

Оның сөзінше, анықталған жағдайлардың көпшілігінда ауру белгілері байқалмаған.

Яғни кейбір адамдар коронавирус жұқтырғанымен ешқандай ауруы белгілерін сезінбеуінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857800-antirekord-aks-ta-covid-19-dan-kz-zmgandar-sany-100-mynan-asty/