RU

Ақтөбеде әкім аппаратының шенеунігі 9,9 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Facebook әлеуметтік желісіндегі онлайн брифинг барысында Ақтөбе қаласы әкімі аппараты басшыларының бірінің үстінен бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен тергеу басталғанын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты.

Ол аталған тұлғаның 2019 жылдың қазан айынан бастап 2020 жылдың наурыз айына дейін мекеменің басқа қызметкері және жеке кәсіпкерлермен алдын ала келісім жасай отырып, жалған мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттар жасасу арқылы 9,9 миллион теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктеліп отырғанын жеткізді.

Биғайдаровтың айтуынша, 2020 жылдың 6 наурызында күдікті мердігерден 1,9 миллион теңге мөлшерде қолма-қол ақшаны алу кезінде ұсталған.

"7 наурызда оған 2 ай мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деді ол.

Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып шығарады.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ресейде кеден қызметкеріне пара берген Қазақстан азаматы қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857875-aktbe-kimdigini-seneunigi-99-million-tege-zymkyrdy-degen-kdikke-ilindi/