Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаштың әр елдегі тыңдармандары әншінің туған күніне тосын сый жасады (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайбергеннің әр елдегі жанкүйерлері сүйікті әншісінің туған күніне тосын сый жасады. Олар өнер иесінің репертуарындағы "Дайдидау" әнін қазақ тілінде орындаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Америкалықтар Димашқа арнап "Дайдидауды" шырқады (видео)
Америкалық жанкүйерлер / Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash: UGC

24 мамырда Димаштың АҚШ-тағы фан-клубының YouTube-тағы ресми арнасында видео жарық көрді, онда жанкүйерлер бірігіп, өнер жұлдызының орындауындағы "Дайдидау" әнін қазақ тілінде орындап шыққан.

Наурыз айының басында "Димаш USA FC" көшбасшысы фан-клуб басшылығына Димаштың туған күніне арналған бейнежазба дайындау идеясын ұсыныпты.

Калифорния фан-клубы филиалының жетекшісі Кимберли Фальконе бастаманы қолдаған деп хабарлайды dimashnews.com.

Кимберли транслитерация тобының мүшесі Челси Даймондтан жаңа видеолар жасауға көмек сұраған. Әңгімелесу барысында әйелдің ойына басқа да жанкүйерлермен бірігіп, Димашқа арнап, әншінің ана тілінде ән айту идеясы келген.

Хор әндері орындалатын бірнеше видеоны көргеннен кейін, америкалық фан-клубтың әкімшілігі қалған Dears-пен бірігіп, ән айту туралы шешімге келді.

Осылайша олардың таңдауы Димаштың орындауындағы "Дайдидау" әніне түскен. Себебі Нью-Йорктегі концертіне барған америкалық жанкүйерлер үшін бұл шығарманың маңызы зор.

Жанкүйерлер өздері ән айтқан сәтін видеоға түсірген. Барлық видео жазылып болған соң, фан-клубтың әкімшілігі оларды жинап, толық бейнеролик етіп шығарған.

Америкалық жанкүйерлердің айтуынша, оларға қазақша ән айту өте қиынға соққан, алайда тіл үйренудің де өз қызығы барын жасырмады.

Жалпы, видеоны дайындауға, жасауға 100 сағаттан астам уақыт кеткен.

Хорға АҚШ-тың 7 штатынан және әлемнің 4 бірдей елінен (Нидерланды, Канада, Колумбия, Үндістан) 21 жанкүйер қатысқан.

Сонымен бірге тілектер жазылған бейнероликке әншінің АҚШ-тың 21 штатындағы 102 тыңдарманы мен Аргентина, Бразилия, Канада және Нидерланды елдеріндегі жанкүйерлері қатысқан.

Бұл тосын сыйды Димаштың өзге де жанкүйерлері жоғары бағалаған.

Әйгілі әнші Димаш Құдайберген 24 мамыр күні 26 жасқа толған еді. Осыған орай, әншінің қытайлық фан-клубы 2780 ағаш отырғызған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857910-amerikalyktar-dimaska-arnap-dajdidaudy-syrkady-video/