RU

Ақтөбедегі хром қоспалары зауытында төрт жұмысшы қаза тапты

Бүгін Ақтөбедегі хром қоспалары зауытында химиялық қоспаның буына күйген төрт адам қайтыс болып, тағы екі адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коллаж: NUR.KZ. Оқиға орнынан фото
Коллаж: NUR.KZ. Оқиға орнынан фото: Facebook

Қайғылы жағдай "АХҚЗ" АҚ №4 цехындағы 50 текше метрлік бөшкені тазалау кезінде​ ​ болған.

"Аталған факті бойынша облыстық ПД Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлімі (Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Істің себептері мен мән-жайлары анықталуда. Оқиға орнында ПД, ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде" , - деп хабардар етті облыстық полиция дептарментінің баспасөз қызметінен.

Дәрігерлердің ауруханаға жеткізілген екі жұмысшының жансақтау бөлімінде жатқанын мәлім етті.

36 және 32 жастағы екі жұмысшының денесін 30-60 пайызға дейін күйік шалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857933-aktbedegi-hrom-kospalary-zauytynda-zarylys-bolyp-trt-zmysysy-kaza-boldy/