RU

10 мыңға жуықтады: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 356 адам тіркелді

Елімізде тағы 356 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 9932-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC
"28 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Алматы қаласында - 84 адамнан, Батыс Қазақстан облысында - 51 адамнан, Нұр-Сұлтан қаласында - 48 адамнан, Маңғыстау облысында - 40 адамнан, Қарағанды облысында - 34 адамнан, Шымкент қаласында - 32 адамнан, Шығыс Қазақстан облысында - 23 адамнан, Атырау облысында - 21 адамнан, Алматы облысында - 7 адамнан, Қызылорда облысында - 6 адамнан, Павлодар облысында - 5 адамнан, Жамбыл облысында - 3 адамнан, Ақмола облысында - 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өткен тәулікте елімізде өсім 2,9% құрады", - делінген хабарлада.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирустық инфекцияға тестілеу қалай жүргізіліп жатқаны жайлы айтқан еді.

Оның сөзінше, анықталған жағдайлардың көпшілігінда ауру белгілері байқалмаған.

Яғни кейбір адамдар коронавирус жұқтырғанымен ешқандай ауруы белгілерін сезінбеуінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857981-10-myga-zuyktady-kazakstanda-koronavirus-zktyrgan-tagy-356-adam-tirkeldi/