RU

Қостанай облысында зираттан нәрестенің денесі табылды

Қостанай облысында полиция қызметкерлері нәрестені жергілікті зиратқа тастап кеткен әйел адамды іздестіруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алау порталына сілтеме жасап.

Қостанай облысында зираттан нәрестенің денесі табылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

27 мамыр күні Жітіқара ауданының полиция бөліміне зираттан жаңа туған нәрестенің денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

Аталған факті қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі тізіліміне тіркелді. Сонымен қатар тиісті сараптама тағайындалған.

Сондай-ақ, құзырлы орган сәбиді тексеру кезінде дене жарақаттары анықталмағанын атап өтті.

Қазіргі уақытта баланың анасын, сондай-ақ куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Әйел адам табылған жағдайда тергеу нәтижелеріне байланысты ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды қаласындағы қоқыс контейнерлерінің бірінен бір айлық қыз баланың табылғанын хабарлаған едік. Абырой болғанда ол дін-аман.

Сонымен қатар Үндістанның Гуджарат штатында ерлі-зайыптылар қателесіп, жаңадан туған нәрестесін тірідей жерлегенін жазған болатынбыз.

Сәбиді ертесіне көшеден өтіп бара жатқан жолаушы байқап қалған. Содан кейін көршілерді шақырып, баланы жерден қазып алып, ауруханаға жеткізген.

Жансақтау бөліміне түскен нәрестені өкінішке орай аман алып қалып алу мүмкін болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857991-kostanaj-oblysynda-zirattan-zaa-tugan-nreste-tabyldy/