RU

"Дайын болыңыздар": Алматы әкімі демалыста бірнеше көше жабылатынын мәлімдеді

Алматы қаласында жаз мезгілінде ауқымды өзгерістер болуы мүмкін. Бұл туралы белгілі кәсіпкер, ресторатор Асқар Байтасов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Байтасов оңтүстік астанада орын алуы мүмкін өзгерістер жайлы Twitter-дегі парақшасында жазды.

Алматыда жазға керемет жоспарлар бар. Олар: қала ішінде жүк тасымалына тыйым салу, демалыс күндері жаяу жүргіншілерге арналған кейбір аумаққа көліктер кіргізбеу, көліктерден шығатын түтіндерді тексеретін эко-бекеттер ашу", - деді ол.

Кәсіпкердің сөзінше, бұл - жазғы қала жоспарларының бір бөлігі ғана.

Ал мегаполис басшысы Бақытжан Сағынтаев осыған байланысты пікір білдіруді ұмытпады.

"Асқар Байтасов жазғандай, сарапшылармен демалыс күндері автокөліктердің қозғалысы үшін кейбір көшелерді жабу мәселесін талқыладық. Бұл учаскелер жаяу жүргіншілер аймағына айналады. Қай көшелер екенін кейінірек хабарлаймыз. Дайын болыңыздар", - деді Алматы әкімі Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы қаласында 30 мамырдан бастап мешіттер мен шіркеулер қайта ашылатынын жазған болатынбыз.

Ал елде блок-бекеттер 1 маусымнан бастап алынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858051-dajyn-bolyyzdar-almaty-kimi-demalysta-birnese-kse-zabylatynyn-mlimdedi/