RU

Елімізде халықаралық әуе қатынастары қашан қалпына келетіні белгілі болды

Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында халықаралық әуе қатынасы қалай қалпына келтірілетіні туралы сөз қозғады. Ол шет елдерге рейстер бүгін-ертең ашылмайтынын, бұл эпидемия тұрақталғанан кейін мүмкін болатынын мәлім етті. Оның сөзінше, халықаралық рейстердің қалыпқа келуі қосымша хабарланады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Оның сөзінше, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның бүгінгі отырысында сыртқы істер министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігіне бірлесіп, халықаралық әуе рейстерінің жандануын зерделеу бойынша іс-шаралар ұйымдастыруды бастау тапсырылған.

Ластаев халықаралық әуе қатынасын кезең-кезеңімен қалпына келетінін айтты.

Бірінші кезеңде, Қытай, Оңтүстік Корея және Әзірбайжан сияқты елдерді қамтиды.

Екінші кезеңде Түркия, БАӘ, Германия, Таиланд және Чехиямен арадағы әуе қатынасы жандана бастайды.

Азаматтық авиация комитетінің басшысы бұл рейстер бірден іске қосылмайтынын мәлім етті. Бірақ барлық органдар келіскендей және эпидемиологиялық жағдайға байланысты ақырындап қалпына келтіріледі. Нақты қай күндері екені кейінірек жарияланбақ.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда блок бекеттер қашан алынатынын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858067-elimizde-halykaralyk-ue-katynastary-kasan-kalpyna-keletini-belgili-boldy/