RU

Елімізде 15 маусымнан бастап кинотеатрлар ашылады

Елімізде 15 маусымнан бастап кинотеатрлар ашылады. Олар санитарлық талапты сақтауға міндетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елімізде 15 маусымнан бастап кинотеатрлар ашылады
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес, Қазақстанда келесі айдың 15-інен бастап кинотеатрлар көрермендерге өз есігін ашады. Дегенмен, кинотеатр иелері санитарлық талаптарды сақтауы тиіс.

Айта кетейік, 1 маусымнан бастап Қазақстан облыстары арасындағы блок-бекеттер алынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Жәнібек Тайжанов ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, 1 маусымнан бастап қалалар арасындағы жол кедергілері алынып тасталатынын айтты. Ал 5 маусымнан бастап тасымалды қалпына келтіру жұмыстары басталады. Оның айтуынша, бас санитар дәрігер қаулысының талаптарын ескере отырып, тасымалдаушылар жұмысының алгоритмі жасалды.

Құжатқа сәйкес, автобустар маршруттың соңғы нүктелерінде дезинфекцияланады, жолаушылар салонға тек бетпердемен кіреді. Сонымен қатар, ол жолаушылар пойыздарының қатынасы 2020 жылдың 1 маусымынан бастап кезең-кезеңімен, халықтың сұранысын ескере отырып және аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүзеге асырылатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858087-elimizde-15-mausymnan-bastap-kinoteatrlar-asylady/