RU

Елімізде коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясынан тағы бір адам көз жұмды. Осылайша елімізде қауіпті індеттен көз жұмғандардың саны 38-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Марқұм 1945 жылғы туған әйел адам. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды Сovid-19 вирусынан қайтыс болған деп тіркеу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша өлім жағдайы тіркелген өңірлер:

Нұр-Сұлтан қаласы – 6

Алматы қаласы – 10

Шымкент қаласы – 7

Ақмола облысы – 4

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Жамбыл облысы – 1

Қарағанды облысы – 3

Қостанай облысы – 2

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 2

Түркістан облысы – 1

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 10382 адамнан анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858188-elimizde-koronavirustan-tagy-bir-adam-kajtys-boldy/