RU

"Бұларың – арсыздық": Түлектер аттестаттарын қоқысқа лақтырған

Желіде мектеп бітірушілер аттестаттарын қоқысқа лақтырғаны көрсетілген видео тарап, қолданушылар арасында ашық пікірталас туғызды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұларың – арсыздық": Түлектер аттестаттарын қоқысқа лақтырған
Видеодағы кадрлар: UGC

Видеода үш жігіт өз аттесттаттарын қоқысқа лақтырғаны көрсетіледі.

Видео Instagram желісіндегі ztb_kz парақшасында жарияланып, қолданушылар мұны қызу талқылады. Олар жігіттердің әрекетіне разы болмай, құжатта мемлекеттік рәміз – Қазақстанның елтаңбасы көрсетілгенін ескермей, осылай жеңіл әлі арзан әзілдегені үшін айыптады.

Осыдан соң бітірушілер өз әрекеті үшін кешірім сұраған видеосы пайда болды.

"Құрметті барша қазақстандықтар, ұстаздарымыз, балалықпен жасаған қателіктер үшін кешірім сұраймыз. Білім туралы аттестат біздің болашағымыздың құжаты екенін түсінеміз, сезінеміз. Біз өзіміздің елтаңбамызды құрметтейміз, сыйлаймыз. Балалықпен жасаған ісімізге өте қатты өкінеміз", – деді жас қазақстандықтар.

Еске сала кетсек, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының тұрғыны мектеп директорын айыптаған. Сабақтан шыққан 11-сынып оқушысын мектеп директоры өз кабинетінде соққыға жыққан көрінеді.

Оған қоса, Түркістан облысында мектеп түлектері 6 балалы анаға баспана сыйлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858204-blary-arsyzdyk-tlekter-attestattaryn-kokyska-laktyrgan-2/