RU

1 маусымнан бастап Атырауда карантин аяқталады

Атырауда карантин режимі тоқтатылмақ. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес, қаладағы карантин ағымдағы жылдың 1 маусымында аяқталады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

1 маусымнан бастап Атырауда карантин аяқталады
Фото: NUR.KZ: Twitter

Облыстың бас дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің шешімі ведомствоның сайтында жарияланды. Теңіз кен орнында және Мақат ауылында карантин сақталатыны атап өтілді.

Қала ұйымдарының жұмысы "карантинге дейінгі" режимде қалпына келтірілуде.

1 маусымда (дүйсенбі) 00:00-ден бастап қалада ауданаралық блок-бекеттер мен кедергілер алынып тасталады. Соған қарамастан, КВИ таралу ошақтары бар елді мекендердегі кедергілер қала бермек.

3 маусымда қалада базарлар мен азық-түліктік емес дүкендер жұмыс істей бастайды.

Атырау облысының бас дәрігерінің бұйрығымен жергілікті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берілді.

Қаулының толық мәтінімен Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ресми сайтында оқып, танысуға болады.

Еске салсақ, Атырау облысында ауру таралған сәттен бастап коронавирус инфекциясын жұқтырған 1036 адам тіркелген. Соңғы 24 сағат ішінде облыста КВИ-мен ауыратын 12 жаңа науқас тіркелді.

31 мамырға дейін Атырау аймағында 302 адам коронавирустан айыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858210-1-mausymnan-bastap-atyrauda-karantin-aaktalady/