Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрғымбаев блок-бекеттерді алып тастауға қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Еліміздің Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев қалалар арасындағы блок-бекеттерді алып тастауға қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғымбаев блок-бекеттерді алып тастауға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ІІМ: Depositphotos

Тұрғымбаев блок-бекет пункттерінде қызмет еткен полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді. Министр қазіргі уақытта бүкіл әлем коронавирустық пандемиямен күресіп жатқандығын атап өтті.

Қазақстан бұл кезеңнен аз шығынмен өтіп келеді, ІІМ басшысының айтуынша, бұл дәрігерлер мен полицияның адал атқарған жұмысы мен уақытылы қабылданған шараларға байланысты болған. Сонымен қатар, бұл жолда қазақстандықтар да қалыс қалған жоқ.

Өткізу пункттерінде, карантиндік аймақтарда қызмет еткен 52 мыңнан астам қызметкер (полиция, құтқарушылар, әскери қызметкерлер, медицина қызметкерлері) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын қорғауға тартылды.

Министр патрульдер саны көбейтіліп, барынша қамту қамтамасыз етілгенін атап өтті. Тұрғымбаев өзін-өзі оқшаулау кезіндегі қылмыстың азайғанын да еске салды. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша қылмыс 26 пайызға төмендеген.

Оның айтуынша, бұл режимде Ішкі істер министрлігі бірінші рет жұмыс істеуге мәжбүр болған.

"Бұл оңай іс емес. Тәулік бойы жұмыс режимі, бірқатар жағдайларда далада, казармалық жағдайда жұмыс істеуге тура келді. Үй мен отбасының алшақтығы, кейде жекелеген азаматтардың түсінбеуі және қарсыласуы үлкен психологиялық және физикалық күш түсірді. Бірақ біздің қызметкерлеріміз барлық 78 күн бойы ел басшылығы қойған міндеттерді нақты орындай отырып, қызметтерін абыроймен атқарды",– деді Ерлан Тұрғымбаев.

Министр ерекшеленген қызметкерлер дипломдар мен алғыс хаттар алады деп уәде берді.

Ішкі істер министрлігінің басшысы түзеу жүйесін де атап өтіп, сотталғандардың пандемиямен күресте өз үлестерін қосқанын еске салды. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қорғаныс құралдарын өндіру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Тұрғымбаев жол кедергілерін алып тастау бұдан былай қауіп жоқ дегенді білдірмейтіндігіне ерекше назар аударады.

"Елді мекендер арасындағы блокпосттар алынып тасталады. Бірақ бұл қауіп жоқ дегенді білдірмейді. Азаматтарға санитарлық талаптармен сақтық шараларын қатаң сақтау керек",– деді министр.

Еске салсақ, 1 маусымға қараған түні Алматы маңындағы барлық блок-бекеттер алынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858220-trgymbaev-blok-beketterdi-alyp-tastauga-katysty-mlimdeme-zasady/

pixel