RU

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 400 мыңнан асып жығылды

Ресей Федерациясында КВИ-мен ауыратын науқастардың саны 400 мыңнан асып кетті. Соңғы тәулік ішінде елде 9 268 жаңа инфекция анықталған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 400 мыңнан асып жығылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жедел штабтың мәліметінше, қазіргі уақытта Ресейде 405 843 жұқтыру фактісі ресми расталды.

Ресейде COVID-19 құрбандарының жалпы саны 4 693 адамды құрады. Соңғы 24 сағат ішінде КВИ-дан қайтыс болғандар саны 138-ге артты. Жедел штабтың мәліметі бойынша, ресейлік дәрігерлер 172 мыңға жуық науқасты емдеген. Өткен тәулік ішінде 4,5 мыңға жуық адам сауығып кетті.

Мәскеу жұқпалар саны бойынша көшбасшы болып келеді, осы кезге дейін онда 180 мыңнан астам науқас тіркелген. Ресей астанасы қайтыс болғандар саны бойынша (2 477), сондай-ақ емделген адамдар саны бойынша (80 мыңнан астам) барлық аймақтарды басып озды.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша Ресей Федерациясы инфекция жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орында. Бірінші орында – 1,7 миллионнан астам америкалық коронавирус ауруына шалдыққан АҚШ, екінші орында Бразилия, ондағы науқастар саны 500 мың адамға жеткен.

Америкада 100 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болған. Америкалық ақ халаттылар 400 мыңнан астам АҚШ азаматтарын емдеп жазған.

Еске салайық, бүгінде Қазақстанда КВИ-мен ауыратын 10 858 мың науқас тіркелген, 5 220 адам ауруынан айыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858223-resejde-koronavirus-zktyrgandar-sany-400-mynan-asyp-zygyldy/