Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы өткізу-бақылау бекеттері 1 маусымға қараған түні алынады

Опубликовано:

Еліміздің астанасындағы блок-бекеттер 1 маусым сағат 00:00-де алынады деп жазады KAZ.NUR.KZ Facebook-тегі Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтандағы өткізу-бақылау бекеттері 1 маусымға қараған түні алынады
Фото: NUR.KZ: Original

Оның айтуынша, елордадағы бақылау-өткізу пункттері 1 маусымға қараған түні алынып тасталады. Блок-бекеттер коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және мейлінше азайтуы үшін орнатылған болатын.

Қала әкімдігінің баспасөз хатшысы атап өткендей, блок-бекеттерді алып тастау Нұр-Сұлтан қаласындағы тыныс-тіршілік әдеттегі режимге оралады дегенді білдірмейді. Елордада бетперде режимі әлі де сақталған, сондықтан астана тұрғындарын қатаң санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.

Айта кету керек, 1 маусымға қараған түні Алматы қаласының периметрі бойынша орналасқан барлық тосқауылдар алынып тасталады. Бұл туралы оңтүстік астананың әкімі өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеген болатын.

Атырауда карантин режимі тоқтатылмақ. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес, қаладағы карантин ағымдағы жылдың 1 маусымында аяқталады.

Еліміздің Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев қалалар арасындағы блок-бекеттерді алып тастауға қатысты мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858238-nr-sltandagy-tkizu-bakylau-beketteri-1-mausymga-karagan-tni-alynady/

pixel