Илон Масктің ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен түйісті (видео)
Жарияланған күні:
Флоридадағы ғарыш айлағында 30 мамырда ұшырылған "Фалькон-9" ғарыш зымыраны Crew Dragon кемесін ғарышқа алып шыққан еді. Илон Масктің SpaceX корпорациясы жасаған ғарыш кемесімен екі америкалық ғарышкер ұшты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин NASA директоры Джим Брайденстайнды Crew Dragon ғарыш кемесінің сәтті ұшуымен құттықтады.
Құрама Штаттар 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышға адам ұшырып отыр. Ғарыш кемесінің сәтті ұшырылуына арналған баспасөз конференциясында Маск: "Батуттың пайдаcы бар" деп әзілдеген.
2014 жылы АҚШ Ресейге қарсы санкция енгізген уақытта Рогозин америкалық ғарышкерлерді Халықаралық ғарыш станциясына жеткізуден Ресей бас тартуы мүмкін екенін айтып, оларға батуттың көмегіне жүгінуге кеңес берген.
53 жастағы Даглас Хёрли мен 40 жастағы Роберт Бенкен Халықаралық ғарыш станциясында кемінде 30 күн болады.
Crew Dragon - NASA-ға арнап шығарылған ұшқышпен басқарылатын жалғыз ғарыш кемесі емес. Күзде Boeing корпорациясының балама Starliner кемелері ұшырылуы тиіс. 2019 жыл желтоқсан айындағы сәтсіз сынақтан соң келесі кеме ұшқышсыз басқарылмақ.
NASA жоспарына сәйкес, Crew Dragon мен Starliner 20 ғасырдың 60-жылдары шығарылған ресейлік "Союз" кемелерін алмастыруы тиіс. 2011 жылдан бері Қазақстан терииториясындағы Байқоңыр айлағынан ұшырылып жүрген ресейлік "Союз" кемелері америкалық астронавтарға Халықаралық ғарыш станциясына жетудің жалғыз жолы болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858271-ilon-maskti-garys-kemesi-halykaralyk-garys-stanciasymen-tjisti-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.