Тоқаев: Еліміздегі әр бала балалық шағын бақытты өткізуге қақылы
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 1 маусым - Балаларды қорғау күнімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент ақ тілегін Twitter әлеуметік желісінде білдірді.
"Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы",- деп жазды ол.
Айта кетейік, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтанда қала маңындағы маршруттар қайта қатынай бастайды. Компанияның мәліметінше, қоғамдық көліктердің жүру кестесі таңғы 6-дан кешкі 10-ға дейін болады. Автобустар дезинфекциядан өтеді, ал жүргізушілер қолданыстағы санитарлық нормаларды сақтайды.
Компания жолаушылардың өздері бетперде кию керек екенін хабарлады. Сонымен қатар, CTS жол жүру ақысын тек қолма-қол ақшасыз әдіспен төлейтінін еске салды.
Ал Алматы қаласында жаздың бірінші күнінен бастап фитнес-орталықтар, СПА, қоғамдық моншалар, сауналар мен азық-түлік емес базарлар қызметін жандандырады. Әкімдік хабарлағандай, нысандардың қызметіне барлық індетке қарсы шараларды қатаң сақтаған жағдайда рұқсат етілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858305-tokaev-kazakstandyktardy-balalardy-korgau-knimen-kttyktady/