Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да үшінші қабаттан құлаған бір жарым жасар сәби аман қалды

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысында сәби үшінші қабаттағы терезеден құлап кетіп, аман қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ШҚО-да үшінші қабаттан құлаған бір жарым жасар сәби аман қалды
Көрнекі фото: 1obl.ru: Instagram

ШҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментің хабарлауынша, 30 мамыр күні Алтай қаласында бір жарым жасар сәби үшінші қабаттан дүкеннің маңдайшасына құлап кеткен.

"Пәтерде терезенің жанында диван тұрған. Сол арқылы бала терезеге оңай көтерілген. Москит торы бала салмағын көтере алмаған, осылайша шақалақ құлап кеткен. Бала аман, ауруханада жатыр", - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Бұл – облыстағы биылғы жылғы алғашқы оқыс жағдай. Құтқарушылар кішкентай балалары бар пәтерлер тұрғындарына арнайы терезе құлыптарын орнатуға, жиһаздарды терезе маңынан алысырақ қоюға, ең бастысы, оларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында бір жастағы қыз бала арықтағы суға құлап, көз жұмғаны хабарлаған.

Бұл оқиға Жалағаш ауданына қарасты Жаңаталап ауылында болған.

"Оқыс оқиға туралы хабарлама облыстық диспетчерлік жедел басқару басқармасына келіп түсті. 2019 жылғы қыз бала ауыл ішіндегі арықтағы суға құлап, көз жұмды. Оны ата-анасы қараусыз қалдырған. Баланың денесін судан жергілікті тұрғындар шығарған", - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1858346-sko-da-sinsi-kabattan-klagan-bir-zarym-zasar-sbi-aman-kaldy/

pixel