Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық блогер бірнеше митинг болған Нью-Йорктегі жағдайды видеоға түсірді

Опубликовано:

Қазақстандық блогер Данияр Қожан Нью-Йорк қаласындағы расизмге қарсы митингтердің зардабын видеоға түсірген. Оның айтуынша, жергілікті билік шаһарда коменданттық сағат жариялау туралы шешім қабылдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр/Данияр Қожан
Видеодан кадр/Данияр Қожан: Twitter

Коменданттық сағат 1 маусым 23.00-ден 2 маусым күнгі таңғы 5-ке дейін жалғасты (қазіргі уақытта Нью-Йоркте 2 маусымның таңғы уақыты - ред.).

"Қала көшелерінде қара "толстовка" киген жастар топтарын жиі кездестіруге болады. Тәртіпсіздіктер кешке жақын, қараңғы түскенде басталуда. Барлық ұялы гаджеттерге өз үйлерінде таңертеңгі 5-ке дейін болуы керек деген хабар жіберілген. Қалада полицияның қарасы көп", - деді блогер.

Ол кадрларда дүкендердің сынған әйнектерін көрсетіп, бұның вандализмге қатысы жоқ екенін білдірді.

Видеодан кадр/Данияр Қожан
Видеодан кадр/Данияр Қожан: Twitter
"Біз шамамен 40 минутта жеттік, үш рет айналдық. Полиция көп болды, барлық ғимарат жабық тұрды, посттар тұрды. Бұл 30-40 минутқа созылды, үлкен қақтығыстар болған жоқ. Кейбір адамдар ұрлық жасады. Бір қызығы, наразылық білдірушілердің өзі "қойыңдар" деп ескерту жасады. Тесіктердің велосипедтермен жауып, адамдарды ішке кіргізбеді. Соның арқасында ұрлық тез аяқталды", - деді оқиға куәгері Петр.

Айта кетейік, бүгінде Нью-Йорк, Бостон, Вашингтон, Лос-Анджелес, Детройт және АҚШ-тың көптеген қаласында полицияның қатыгездігіне қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр.

Сонымен қатар, көтерілістер Торонтода (Канада) болды.

Мұның барлығына Джордж Флойд есімді афроамерикалық азаматтың полицейлер қолынан қайтыс болғаны себепші болып отыр.

Ер адамның қазасы Миннеаполис пен басқа АҚШ қалаларындағы халықты бей-жай қалдырмады. Тұрғындар көшелерге шығып, бас көтерді.

Ал күні кеше АҚШ билігі елдегі жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты Вашингтон мен Колумбия округына ұлттық гвардияны енгізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858574-kazakstandyk-bloger-birnese-miting-bolgan-nu-jorktegi-zagdajdy-videoga-tsirdi/

pixel