RU

Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакцина егу күзде басталуы мүмкін

Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Чернышенко үкіметте өткен брифингте коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік препараттар сәтті сынақтан өтсе, жаппай егу 2020 жылдың күзінде басталатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Шенеуніктің сөзінше, COVID-19 препаратын әзірлеу белсенді жүріп жатыр.

Сарапшылар вакцина әзірлеу тезірек нәтиже берсе, күз мезгілінде елде жаппай егу басталатынын жасырмады.

ТАСС таратқан ақпаратқа сәйкес, Чернышенко барлығына коронавирусқа қарсы препаратқа бейімделу оңайға соқпайтынын білдірді.

Айта кету керек, бұдан бұрын Ресей Федерациясының вице-премьері Татьяна Голикова елде бір уақытта 14 платформа вакцинаны дайындау үшін белсенді жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген. Қазіргі уақытта препараттың 47 мүмкін нұсқасы бар.

Еске сала кетсек, осыған дейін отандық ғалым Лесбек Құтымбетов елімізде коронавирусқа қарсы вакцина қалай әзірленіп жатқанын айтқан еді.

Ғалым вакцинаны жаппай қолданысқа енгізу үшін препарат бірнеше сатылы сынақтан өтуі керек екенін жеткізді. Қазір зертханалық тәжірибелер тышқандар мен қояндарға жүргізіліп жатыр.

"Клиникаға дейінгі сынаққа адамның қатысы жоқ. Бұл жерде зертханалық жануарлар қатысады. Тышқаннан бастап, қоян, атжалман, теңіз шошқасы, мысықтар мен иттер. Қазіргі уақытта біз вакцинаны тышқандар мен қояндарға салдық. Әзірге нәтиже жаман емес", - дейді Құтымбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858584-resejde-koronaviruska-karsy-zappaj-vakcina-egu-kzde-bastaluy-mmkin/