Карантин кесірінен қанша қазақстандық уақытша жұмысынан айырылды

Опубликовано:

Үкімет басшысы үкімет дайындаған жұмыспен қамтуды қолдау шараларын нашар қолданатын аймақтарды атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Карантин кесірінен қанша қазақстандық уақытша жұмысынан айырылды
Фото: NUR.KZ: Original

Асқар Мамин әсіресе карантин кезінде табысынан айырылған адамдарды жұмысқа орналастыру министрлер кабинеті үшін маңызды міндет екенін атап өтті.

Премьер-министр жұмыспен қамтуды қолдау бағдарламасы баяу қарқынмен жүріп жатқан елдегі 4 аймақты атады. Олар: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары.

"Біз адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуіміз керек. Олардың әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау қажет. Сондықтан бәріміз үшін жұмыспен қамту мәселесі бірінші кезекте тұруы тиіс. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Павлодар облыстарында жұмыспен қамтуды қолдау шараларын жүзеге асырудың жақсы қарқыны байқалғанын атап өткен жөн. Бұл ретте Шымкент қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары артта қалып отыр. Бұл – әкімдіктердің осы бағыттағы жеткіліксіз жұмысы істегенінің нәтижесі",– деді премьер-министр.

Бүгін үкімет карантин кезінде қанша қазақстандық жұмысынан уақытша айырылғаны туралы айтты. Наурыз-сәуір айларында олардың саны 4 миллион 200 мың адамға жетті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, жыл соңындағы жұмыссыздық деңгейі 6,1% болуы мүмкін деген болжам бар.

"Биыл 20 сәуірде карантиндік шаралар жеңілдетіле бастады, бұл кезең-кезеңімен жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Үкіметтің экономиканы қалпына келтіру бойынша қабылдаған шаралары, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, осы жылдың шілде айынан бастап еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандырады деп есептейміз",– деді Біржан Нұрымбетов.

Елде "Еңбек" бағдарламасы бар. Оның көмегімен сіз стартап-жобаға микрокредит ала аласыз, бизнесіңіздің аясын кеңейтіп немесе қосымша мамандық ала аласыз.

Бұл мақсаттарға 176 миллиард теңге бөлінеді. Жыл басынан бері бағдарламаға қатысуға 260 мың адам өтініш берген. Олардың үштен екісі жұмыс тапты. Үкімет миллионнан астам қазақстандық мемлекеттік қолдау шараларын қолдана алады деп үміттенеді.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Қасым-Жомарт Кемелұлына еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858596-karantin-kesirinen-kansa-kazakstandyk-uakytsa-zmysynan-ajyryldy/