RU

Елімізде коронавирустан тағы үш адам көз жұмды

pxhere.com
Көрнекі фото: pxhere.com

Қазақстан аумағында тағы 3 адам жаңа типті жұқпалы аурудың құрбанына айналды. Осылайша елімізде қауіпті індеттен болған қайғылы жағдайлар саны 44-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"Шымкент қаласында 1956 жылы туған ер адам, Павлодар облысында 1935 жылы дүниеге келген әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласында 1959 жылы туған ер адам қайтыс болды. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады",– делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 44 адам қайтыс болды.

Нұр-Сұлтан қаласы – 7

Алматы қаласы – 10

Шымкент қаласы – 9

Ақмола облысы – 4

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 1

Қарағанды облысы – 3

Қостанай облысы – 2

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 4

Түркістан облысы – 1

Еске сала кетсек, Қазақтанда өткен тәулікте тағы 263 адам коронавирус анықталған. Қазіргі уақытта жалпы ел аумағында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 11 571-ге жеткені туралы жазған едік.

Айта кету керек, бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Facebook әлеуметтік желісіндегі "Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды" онлайн эфирінде елімізде жасалған коронавирус анықтамасы шетелде жарамды ма деген сұраққа жауап қайырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858599-elimizde-koronavirustan-tagy-s-adam-kz-zmdy/